Сұхбат

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ



RuslanEsenbaev

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу жолында бірегей істерге қадам басуда. Әсіресе, Қазақстанда білім беру мен ақпараттық технология салаларын жетілдіре түсу үшін іргелі шаралар қолға алынуда. Атқарылған шаруалар да нәтижесіз емес, бізден көрші елдер үлгі алатын дәрежеге де жетіп үлгердік. Айталық, жақында Тәжікстан өкілдері электрондық үкіметті құрудың қазақстандық тәжірибесін үйрену мақсатымен Астанаға келді. Бұл жөнінде газет тілшісіне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев әңгімелеп берді.

– Алыстан ат терлетіп келген ағайынға алдымен қай жетіс­тік­теріңізді көрсеттіңіздер?

– Қазақстандағы «электрондық үкімет» құру тәжірибесін үйрену үшін Астанаға Тәжікстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері келді. Тәжікстан делегация­сымен кездесу аясында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  өкілдері «электрондық үкімет» порталы, электрондық құжат айналымы жүйесі, «Е-лицензиялау» жүйелері және «e-Learning» жұмысын жан-жақты көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатын іске асыру жөніндегі тә­жі­рибемізбен бөлістік. Сонымен қа­тар, Астананың қонақтарына осын­дағы Халыққа қызмет көрсету орта­лықтарының ықпалдастырылған ақ­параттық жүйесі қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсіндірілді.

– Шетелдіктер пікірі жөнінде айта аласыз ба, мәселен, біздегі ақпараттық технология жүйесі олардың көңілінен шықты ма?

– Әлбетте, біздің тәжірибеміз, жұмыс жүйеміз оларға ұнады деп ойлаймын. Өйткені, Тәжікстан Рес­публикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару институтының ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі ректор орынбасары Акмалджон Абдухаликов қазақстандық ақпараттық технологияның қарқынды дамуына таңғалысын жасырмады. «Тәжікстанда Қазақстандағы сияқты көптеген е-үкімет қызметін қамтамасыз ететін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданған, алайда оларды іске асыру механизмі әзірше дұрыс жолға қойылмаған. Қазақстан, бұл жөнінде айтарлықтай нәтижелерге жеткен екен. Біз де сіздердің тәжірибелеріңізді қабылдаймыз деп үміттенемін» деп ағынан жарылды ол.

– Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін бе?

– Егер біздің тәжірибемізді үй­ренгілері келіп, ұсыныс жасайтындар болса, әрдайым дайынбыз. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ көрші елдерге электрондық үкіметті құруда және дамытуда әдістемелік көмек көрсетуден бас тартпайды.

 

Асхат РАЙҚҰЛ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button