Жаңалықтар

БЕНЗИН БАҒАСЫ АРЗАНДАМАҚ

20672

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша, елордада өткен жылдары, атап айтқанда 2011 жылы – жүз он жеті, 2012 жылы – жүз он сегіз, ал биыл жүз отыз төрт жанар-жағар май құю стансасы тіркелген. Соның жүз жиырма төрті – тұрақты, үшеуі – контейнерлік, жетеуі – жылжымалы станса.

Астанаға бензин Шымкент, Атырау, Павлодар мұнай зауыттарынан әкелінеді. Сонымен қатар, жеке меншік жанар-жағар май құю стансалары Уфа, Омбы, Челябі, Орск, тағы да басқа Ресей қалалардағы мұнай өңдеу зауыттарынан бензин алу жөнінде келісімдер жасасқан.

Жаңа жылдан бастап елімізде мұнай өнімдері бойынша баға саясаты үйлестіріледі. ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Карабалиннің айтуынша, «Аи-92» бензині 128 теңгеден 115 теңгеге, ал, дизельді жанар-жағармайдың бағасы 115 теңгеден 107 теңгеге арзандамақ. «Аи-80» маркалы бензиннің бағасы өзгеріссіз қалады.

Елімізде «Аи-92», «Аи-80» және дизель отынының бөлшек саудадағы бағаларын Үкімет белгілейді.

«Қазіргі кезде мұнай өнімдерінің осы түрлеріне шекті бағаларды белгілеу ережелері әзірленіп жатыр, онда ресейлік нарықтағы бағалардың ауытқуы ескерілетін болады және 2015 жылғы 1 қаңтарда бензиннің шекті бағасын Ұлттық экономика министрлігімен келісе отырып, Энергетика министрлігі  ай сайын белгілейтін болады. Бұл Ресейде мұнай бағасы конъюнктурасының өзгеруімен байланысты қымбатшылықтан қорғауға мүмкіндік береді» деді вице-министр.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button