ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАТТЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

ERA_9670

Астана қаласының санитариялық жағдайын жақсартып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция бөлімшелері жолдар мен орамішілік көшелерді бақылауға алды.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері жолдардың жүріс бөліктері мен аулаларда жиналып қалған қардан арылту үшін фотоматериалдар дайындады.

Қала көшелеріндегі қарды тазалау үшін полицейлер аудандық әкім­дік­терге алты жүз отыз жеті фотоматериал ұсынды. Атап айтқанда, Алматы ау­даны бойынша – 237, Сарыарқа ауданы бойынша – 200,  Есіл ауданы бойынша 200 сурет жиналған.

Барлық фотоматериалдар аудан­дық әкімдіктерге жіберіліп, пәтер иеленушілер кооперативі аумақ­та­рына тексеру жүргізілді. Аумақ­тардағы қарды уақтылы әрі сапалы жинамағаны, сонымен қатар, бас­қа да құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін отыз жеті  ПИК төр­ағасы жалпы көлемі 1 166 760 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сағи  ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button