Қала тіршілігі

Қоныс тойы қуанышы

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 300-ден аса отбасы пәтер кілттерін алды. Олардың арасында жетім балалар, 1 және 2 топ мүгедектері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер мен өзге де санаттағы азаматтар бар.

«Жылдап күткен жаңа пәтерлеріне көшіп жатқан әр отбасының қуанышына ортақпыз. Ел басшылығы баспана мәселесіне ерекше назар аударады. Келер жылдың басында біз тұрғындардың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін табыстаймыз. Сонымен қатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Мен сондай-ақ індетке қарамай жұмысын жалғастырған құрылысшыларымызға алғыс айтамын» деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Биыл бірқатар тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Мысалы, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен басқа өрт сөндірушілер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының мамандары, полиция қызметкерлері де әлеуметтік пәтер алушылар тізіміне енді. Сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал топтарының барлық санаттары тұрғын үй сертификатын алушылар қатарына қосылды.
2021 жылдан тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button