Сайлау - 2021

«Ақ жолмен бірге!» челленджі басталды

Жас «ақжолдықтар» әлеуметтік желілерде «2021 жыл – Ақ жолмен бірге!» челленджін бастады. Челлендж партияның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол – жастар» жастар қанатынан бастау алды.

Желілердегі шара алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына арналған. «Ақжолдықтар» бейнеролигінде партия ұсынған өзгерістер және олардың қажеттілігі туралы еске салып, сайлауға белсенді қатысуға және Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына дауыс беруге шақырады. «Жарқын жолмен ізгі мақсаттарға! «Ақ жол» үшін дауыс бер!» дейді маңғыстаулықтар.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штаб мүшелері Түркістан облысына барған еді. Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған үгіт-насихат тобы Түркістан облысындағы «Комбинат Фараб» зауытының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында партия төрағасы Азат ­Перуашов «Біз табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және жұмыспен қамтитын кәсіпкерлерді қолдауымыз керек. «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында да кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылғаны айтылған» деп атап өтті.
«Пандемия кезінде кәсіпорындарда жұмыс істеген мыңдаған адам жалақысыз қалды. Біз мұндай жағдайға жеткізбес үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Кәсіпорын көп болса, жұмыс орны көп болады. Жұмыс көп болса, әрбір отбасының күнкөрісі жақсарады. «Біздің бағдарлама кәсіпкерлікті және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды мақсат етеді» деді Перуашев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button