Сайлау - 2021

Тұрғындардың мұң-мұқтажымен танысты

Nur Otan партиясының мүшесі Айбат Әубәкіров сайлау алдындағы науқан барысында «Viking Security KZ», «Viking Service» компанияларының өкілдерімен онлайн режимде кездесті.

Айбат Әубәкіровтің айтуынша, аталған екі компанияда жұмыс істейтін жігіттер аса маңызды істердің бірі – қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады.
«Бұл жігіттер бірінші кезекте шешілуі тиіс ең өткір, ең өзекті мәселелерді түп-тамырынан біледі. Олармен бірге біз қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын қалай жақсарту, жайлы орта қалыптастыру туралы пікір алмасып, халық үшін ең қажетті мәселелерді шешу жолдарын талқыладық» деді А. Әубәкіров жастарға арнаған сөзінде.
Сол күні «Есіктен – есікке» атты акция шеңберінде Алматы ауданындағы («Встреча» сауда үйінің маңы) үйлердің бірінде Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы Рамиль Хамидуллинмен кездесу өтті. «Рамиль Нұрылұлы, шағын және орта бизнес өкілі, өзінің шағын өндірісі бар, шеберхана ұстайды. Ол алдағы уақытта МИБ төрағасы ретінде үй тұрғындарының шаруашылығына қажетті деген заттарды шығаратын өндіріс ашуды жоспарлап отыр. Бұл елордалықтардың әлеуметтік жауапкершілігіне тамаша мысал бола алады. Яғни, өзінің бизнесін дамытып қана қоймай, қоғамға пайдасын да тигізеді» деп атап өтті Айбат Әубәкіров.
«Еуразия» сауда үйі маңындағы №5 шағын аудан тұрғындарымен жүздесуде алдағы уақытта болатын өзгерістер туралы әңгіме қозғалды. Атап айтқанда, Nur Otan партиясының қала инфрақұрылымын жақсарту, соның ішінде тұрғын үйлерде қолайлы жағдай жасау жоспарлары талқыланды. №5 шағын аудан тұрғындары халықты алаңдатқан мәселелер туралы әңгімеледі.
«Астаналықтардың мұң-мұқтажын терең түсініп, сол өтініштерін қанағаттандыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырмас бұрын мен түрлі әлеуметтік топ, мамандық иелерімен бетпе-бет кездесуді дұрыс деп санаймын. Бір қуанғаным, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге бей-жай қарамай, партияның бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді» деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button