Сайлау - 2021

Адалдықтарға жеңіс тіледі

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының мүшелері ADAL саяси партиясының өкілдерімен кездесіп, алдағы сайлауда адалдықтарға жеңіс тіледі.

Жиынға Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Олжас Ордабаев және партия аппаратының басшысы ­Бауыр­жан Оразғалиев қатысты. Кездесу басында ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Ярослав Домански партия өкілдеріне жүздесу үшін алғыс айтып, топ мүшелерімен таныстырды. «Қазақстанға 6 желтоқсанда Үкіметтің шақыруымен ЕҚЫҰ мүшелері ретінде келдік. Алдағы уақытта процестің халықаралық нормаларға қаншалықты сәйкес өтетіндігін қадағалайтын боламыз» деді ол.
Миссия өкілдері ребрендинг, ADAL партиясының құрамы, сайлауалды бағдарламасы және партияның міндеттері туралы бірқатар сұрақтарға жауап алды. Тараптар сайлауда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
«Бүгінгі кездесу екі жақ үшін де маңыздылығымен есте қалды. Біз енді ADAL партиясының нақты мақсаттарын білеміз. Партияның аймақтардағы өкілдерімен тілдесуге мүмкіндік бергендеріңіз үшін көп рақмет. Сайлауда жеңіс тілейміз» деді Ярослав Домански.
Айта кету керек, «Адал» – елде ресми түрде тіркелген алты партияның бірі. 2013 жылы «Бірлік» ретінде тіркелген партия қараша айының басында атауын өзгертіп, «Адал» болған. Ребрендинг жасауының себебін түсіндірген саяси ұйым өкілдері «әділдікті талап етушілер көбейді» деген еді.
Қазіргі таңда үгіт-насихат жұмысы басталғалы өңірлерде 2371 кездесу өтіп, оған 36469 адам қатысты. Партияға кіру туралы 20494 өтініш түскен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button