Жаңалықтар

Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыз үшін қастерлі ұғым. Ол бізге ата-бабаларымыздың қаны мен төккен терінің арқасында аманат етілді. Сондықтан тәуелсіздігімізді тұғырлы, еліміздің еңсесін тік ұстау әрбір қазақстандыққа артылатын үлкен жауапкершілік әрі парыз деп білемін.
Еліміз осы жылдары биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға қол жеткізді. Еңселі елордамыздың өсіп-өркендеуі мен қаламыз­да атқарылған игі шаралар – мұның айқын дәлелі.
Осынау ұлттық мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ та баянды ғұмыр, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button