Жаңалықтар

Елбасы наградалар тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент көмекшісі Абай Бисембаевты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен және Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмуд Қасымбековты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.– Биыл біз Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздік күні қарсаңында Отан алдындағы жоғары қызметтерді ескеріп, Президент азаматтарға мемлекеттік наградалар беру туралы жарлығын жариялады. Сіздерді құттықтаймын. Әрі қарай да ел игілігі үшін қызмет етуді жалғастыра беріңіздер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button