Құқық

ҚЫЛМЫС КӨРСЕТКІШІ КЕМІДІ

Елордада «ЭКСПО-2017» ха­лықаралық көрмесі кезін­де қылмыс көрсеткіші шама­мен 22 пайызға төмендеген.

Үш ай ішінде ЭКСПО қалашығында 31 қылмыс тіркеліп, олардың бар­лығы әшкере болды. Көбісі көрме аумағына тыйым салынған заттарды алып кіру әрекетімен байланысты. Дегенмен көрме аумағының алдында полицейлер мұны анықтап, тосқауыл қойып отырған.Бір айта кетерлігі, 90 күннің ішінде қалта ұрлығы, алаяқтық, тонау мен айлакерлік секілді қылмыстар орын алған жоқ. Полиция қызметкерлері елордада қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін бар күшін жұмсады.

Шетелдік азаматтарға және аста­налықтарға қатысты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар орын алған жоқ. Осындай ауқымды шараны өткізу кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Қалалық әкімдіктің бастамасымен көрме қарсаңында бар­лық мемлекеттік органдардың қаты­суымен кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Оған мыңнан астам ҚР Ұлттық гвардияның полицейлері мен әскери қызметкері тартылды.

ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары, оның ішінде шетелдіктер поли­цейлердің қызметіне көңілі толатындарын айтып, алғыстарын білдірген болатын. Мәселен, маусым айының соңында АҚШ азаматы Саша Мишель Гюто полицияға xабарласып, көмек сұ­раған. Ол такси көлігінде ноутбугын ұмытып кеткендігін айтқан. Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты тасымалдаған жүргізушіні анықтап, жеке заттары бар сөмкені қайтарған.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button