Құқық

ЖАБЫН ПЛИТА ОПЫРЫЛЫП, ЕКІ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Алаш тасжолы көшесі бойындағы құрылыс жұмыс­тары жүріп жатқан нысанның жабын плиталары құлап, екі адам қаза тауып, бір адам ауыр халде қалалық ау­рухананың жансақтау бө­лімі­не жеткізілді. Олардың бар­лығы да Өзбекстан азаматтары екені белгілі болып отыр.

Осыған байланысты Астана қаласы Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы «Екі және одан да көп адамның өліміне алып келген құрылыс жұмыстары қауіпсіздігін сақтамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір белгілі болып отырғанындай, қабырғаның опырылып түсуі плита­ның үстіне шамадан тыс құрылыс материалдарының қойылуынан бол­ған. Тергеу органы осындай сал­ғырттық пен жауапсыздыққа жол берген құрылыс нысанының басшысы 1970 жылы туған азаматты қамауға алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button