Сұхбат

Рухният ордасына айналады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбекпен Еуразия Ұлттық университеті ғалымдары ұйымдастырған шараның бірінде кездескен едік.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой,-деп Мағжан ақынның жырлағанындай, дәл осы  топырақтың өзінде туып-өскен, ғалым болып болып қалыптасып,  Ясауи мұрасын көкірегінде сақтаған  ғалыммен  әңгімеміз де атақты ғұламаның насихаты жайында басталды.

-Бүгінде Түркістан қаласының көне тарихына, Қожа Ахмет Ясауиге қатысты жалпы түркі руханиятына қатысты зерттеулер еліміз егемендігін алғалы    ерекше серпінмен басталған болатын. Көптен бері ойда жүрген нәрсенің  шешімі табылып, жақында көп сериалы жаңа фильм түсіруге дайындық басталды. Қазір фильмнің сценариі жазылып жатыр. Құдай қаласа, жаман болмайды деп ойлаймын. Кеңесші есебінде бұл жұмыстың ортасында мен де бармын. Ясауи мен оның туған қаласы Йасы қаласының тарихынан басталатын фильмді түсіруге  «Оңтүстік өңір» студиясы тәуекел етіп отыр.

– Сериал қалай басталады?

– Ғұламаның ғұмырнамасына арналған туынды исламның түркі жеріне келуінен басталады. Ілімнің ерекшеліктері барша түркі, қазақ мәдениетіне  не берді соның бәрін қамтылады деген үміттемін. Бұл жерде Ясауи жолынан асып кете алмаймыз. Жалпы, зерттеулеріміз нәтижесіз болмағанмен де Ясауидің қалдырған мұрасына толықтай қолымызға түспей жатыр. Оның артында  қалдырған   жеті-сегіз еңбегі бар. Олар түгел табылған жоқ. Бізге жеткені «Мират ал- құлуб», «Пақырнама»,  «Рисала дар адаби тариқаты». Түркі жұртының діни әдеп-ғұрып негіздері  осы шығармаларында негізделген. Ақын өз жырында төрт мың хикмет жаздым дейді. Оның әрі кеткенде 250 хикметі ғана қолда бар. Оның өзі текстологиялық талдаудан өткен жоқ. Демек, Ясауи мұрасын кешенді зерттеу мәселесі өзекті болып тұр. Ясауитану бойынша біздің университеттің алдына түсетін ешкім жоқ. Ислам философиясы негізін қалыптастыруда, дәстүрлі түркі дәстүрін қалыптасыру, тіпті түркі халықтарын мемлекет ретінде қалыптасуындағы исламның орыны  одан қалды  қазіргі діни ахуалға баға беруде де біздің ғалымдардың ұстанымы ерекше. Оның әдістемесі түпкі тарихымыздан бастау алады. Түркістан облыс орталығына айналып жатқанда біздің білім ордамыздың да іргесі кеңейеді деп ойлаймыз.

Жасыратыны жоқ, Түркістан орталықа айналғалы менің де көкейімде жүрген  қауіп бар. Енді ресми орталықтың қым-қуыт тірлігі Кесенеге зиярат етушілердің ойын өзгеге бұрғандай болмай ма?

-Мен олай ойламаймын. Қала іріленгенмен, кесененің қасиетіне көлеңке түспейді. Онсызда әулиелі елге ағылған халықтың 80 пайызы тек Кесенеге келеді, қазақы ұғымызда аруақ әркезде де жоғары тұрған. Кесене өзінің  мазмұнынан  айырылып қалмайды. Керісінше, Кесене мұражай – қорық  емес, үлкен зиярат орталығына айналады. Мұражайды сыртқа көшіріп, тарихи, танымдық тұстарын оқшауламақ. Бұның өзі де адамдардың  мұқтаж болатын рухани бастауларына, дәстүрлі дініміздің негіздерін терең түсінуіне жол ашып отыр.

-Әңгімеңізге рахмет.                                                       

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

Пікір үстеу

Back to top button