Денсаулық

Санитарлық талаптар сақталуы тиіс

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді. Жиын барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен денсаулық сақтау мекемелерінің мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десе де қазір Нұр-Сұлтан – «сары» аймақта. 7 қарашадан бастап ауру көрсеткішінің күн сайын 0,3 пайызға өсуі байқалады. Оған 8 аурухана қамтылған, қазір 318 адам орналасқан. Оның 193-і (35%) – жұқпалы ауруларда, 125-і – карантинде.
Қалада КВИ-ге биоматериалдардың сынамаларын алуға арналған 16 зертхана бар. Олардың жалпы қуаттылығы – күніне 11 мыңнан астам зерттеу. Сонымен қатар бүгінде ауруханалар 100 пайыз ИВЛ аппараттарымен қамтамасыз етілген. Дәріханаларда дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры бар.

6 қазан мен 2 ­желтоқсан аралығында 257 рейс, 31 436 жолаушы қабылданды. Соның ішінде 4387 адам карантиндік ауруханаға жатқызылды, 18-інің нәтижесі оң.
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары індеттің таралуын болдырмауға бағытталған шараларды жалғастыру қажеттілігіне назар аударды. Емха­налар басшылығына қызметкерлер мен ­пациенттердің санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтауы, жеке қорғаныс құралдарының қолданылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, науқастардың күнделікті ағынын дұрыс бөлу, пневмония­ға күдікті науқастарды жедел түрде компьютерлік томограф пен кеуде қуысының рентгенограммасына жіберу тапсырылды.
Сондай-ақ қашықтан кеңес беру қызметінің сапасын арттыру мен ­емделушілердің емханаларға келуін азайту мәселелері күн тәртібіне қойылды. Мобильді топтар мен полиция бөлімі ойын-сауық мекемелерінде, сауда орталықтарында, дүкендер мен базарларда санитарлық қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button