Сайлау - 2021

Сайлау-2021: Өзіңді тізімнен тексер

Елорданың әрбір тұрғыны өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын қалай тексереді және дауыс беретін учаскесін қалай табады? Уақытша тіркелген немесе тіркелмеген азаматтар сайлауға қатыса ала ма? Осындай сауалдарға жауап берелік.

Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Дауыс беру рәсімі сайлау учаскесінің аумағында жергілікті атқарушы органдар тіркелген мекенжайлар бойынша қалыптастырған сайлаушылар тізімі арқылы өткізіледі. Бұл тізімге белсенді дауыс беру құқығы бар, 18 жасқа толған, өзінің іс-әрекетіне жауап беретін, соттың үкімімен бас бостандығынан айыру мекемелеріне қамалмаған Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Өзіңің сайлау учаскесі туралы онлайн-ақпарат алғысы келетін әр адам жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), аты-жөнін, туған жылын, сайлаушы тіркелген нысанды (көше, үй) көрсетіп, мынадай қызмет түрлеріне жүгіне алады:

Өзін сайлаушылар тізімінен таба алмаған адам жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш жазады. Нұр-Сұлтан қаласында аудан әкімдіктері өтініштерді қабылдайды. Ал уақытша тіркеуге тұрған қазақстандықтар да жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тізімге енгізіледі. Егер сайлаушы сайлау өтетін күннен 30 күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешікпей өзі тіркелген жері бойынша дауыс беруге бара алмайтыны белгілі болса, ол өзі барған жерінде жергілікті атқарушы органға өтініш беріп, тиісті сайлаушылар тізіміне кіре алады. Жергілікті атқарушы орган өз кезегінде оны тіркелген жері бойынша тізімнен шығарып, дауыс беретін жері бойынша тізімге енгізеді. Бір азамат тек бір тізімге ғана қосыла алады. Әр адам өзінің тізімде бар-жоғын тексеруге және дұрыс енгізілмеген немесе шығарылған, сондай-ақ сайлаушы туралы мәліметтерде қателік кеткен жағдайда шағымдануға құқылы. Жеке басын куәландыратын құжатты алған кезде еліміздің әрбір 18 жастағы азаматы белсенді сайлау құқығына ие болады. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу болмаған жағдайда азамат оны сайлаушылар тізіміне енгізу үшін жергілікті атқарушы органға дауыс беруге арналған учаскені таңдау туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button