Әлеумет

Сауал – сізден, жауап – бізден

Ажырассам да несие төлеймін бе?

– Мен кезінде пәтер алу үшін банктен қарыз алуға қарызға келіскен едім. Несие күйеуімнің атына берілді. Енді менің ажырасқым келеді, маған пәтер қажет емес, ұлымыз екеуміз ол пәтерде тұрмаймыз. Банк сонда да менен несие төлеуді талап ете ала ма?

Айымгүл Сәкен,
Нұр-Сұлтан қаласы

– Айымгүл Сәкен, сіз несие алуға жүгінген кезде кепілгер немесе тең заемшы ретінде әрекет еткен жоқсыз, тек нотариалды куәландырылған келісім бердіңіз. Егер сіз пәтердің бір бөлігін көрсетпесеңіз, онда ажырасқаннан кейін несие өтеу міндетін мойныңызға алмайсыз, пәтер күйеуіңіздің меншігі болғандықтан, ол осы мүлікпен банк алдында жауап береді.

Мұрагер пәтер құнын өсіре ала ма?

– Бізге ұнаған пәтер банкте кепілдікте тұр екен. Соған қарамастан біз өз ақшамызбен оның қарызын төледік, банк алдындағы берешек өтелді. Салым-шарт арқылы пәтердің бұрынғы иесіне кепіл ақша берген едік. Бірақ, бізге пәтерін сатушы адам жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шартын жасап үлгермеді, кенеттен қайтыс болып кетті. Енді ол кісінің жалғыз мұрагері – оның ағасы. Мұрагер өз қалауына қарай пәтердің құнын өсіріп жібере ала ма?

Есбол Қанатов,
Нұр-Сұлтан қаласы

– Мұраға алған кезде қайтыс болған адамның мүлкі ғана емес, сонымен бірге оның қарыздары да мұрагерге өтеді. Мұрагер келісімшарт жасаудан бас тартуы мүмкін. Бірақ ол пәтерді сатудан бас тартқан жағдайда салым шартының талаптарына сәйкес, сізге кепіл ақшаның екі еселенген сомасын қайтаруға міндетті. Дау туған жағдайда сотқа шағымдана аласыз.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button