Жаңалықтар

СЕРІКТЕСТІККЕ СЕРПІН БЕРЕДІ

 14d748c850b89264d71c54d67e4

«Елорда әкімдігінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы екі жақты құрылыс және инфрақұрылым салаларын дамыту мәселелері талқыланды» деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

 Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун Брест облысы атқарушы комитетінің төрағасы Виктор Саковскиймен кездесіп, бірқатар маңызды сұрақтар бойынша келіссөздер жүргізді.

 С. Хорошун Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, аталмыш кездесудің маңызды екенін атап өтті.

– Астана қаласы әкімдігі Қазақстан мен Беларусьтың ортақ жобаларына әсіресе, қала аумағында бірлескен өндіріс орындарын ашуға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі кезде бізде «МАЗ» автокөлігінің түрлерін құрастырып шығаратын зауыт құрылысы жүріп жатыр, – дейді ол.

 Кездесу соңында тараптар екі елдің арасындағы серіктестікті одан әрі арттыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button