Жаңалықтар

Шаһарда туризм дамуы тиіс

Бүгін қала әкімдігінде өткен мәслихат отырысында қала тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Мәслихат отырысында негізгінен үш мәселе депутаттар талқылауына түсті. Біріншісі, азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен берілетін дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдері, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы. Екіншісі, елорда тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну мәселесі қаралды. Сонымен қатар қала әкімдігінің персоналды құрамын келісу туралы мәслихаттың бұрынғы шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде айтылды.
Сондай-ақ, мәслихат отырысында Нұр-Сұлтан қаласы туризмін 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасының әзірленіп жатқандығы сөз болып, осы төңіректе бірқатар депуттаттар өз ойланын ортаға салды.
«Елордада қалалық туризмді дамыту үшін жағдай жасалған. Ендігі мақсат – бюджеттен бөлінген қаржатты дұрыс жұмсау. Астаналықтарды толғандыратын тағы бір басты мәселе тегін мединалық көмектің көрсетілуі болып отыр. Қалада бүгінде мемлекеттік және жеке секторлы медициналық нысандар жеткілікті. Бірақ олардың қызмет көрсету сапасы көтеру басты мәселе болмақ. Біз осы мәселені нақтылуымыз керек. Бұдан бөлек, қала шеткейіндегі халықты тегін медициналық көмекпен қамту мәселесін мәслихаттың кезекті отырысында көтеретін боламыз», – деді мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев.
Жоғарыда айтылған мәселелер бо­йынша қалалық мәслихаттың кезекті сессия­сында тиісті заңнамалық талаптарға сай шешімдер қабылданатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button