Әлеумет

Сот төрелігіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жетілдіру – өзін азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басымдылық ретінде таныған құқықтық мемлекет деп белгілейтін әрбір мемлекеттің басты мақсаттарының бірі екені анық. Сот төрелігі институтының ашықтығы, әділдік, заңдылық, соттардың тәуелсіздігі – бұның барлығы ең басты құндылықтардың бірі болып табылатын сот жүйесіне деген халық сенімінің кепілі.    

 

Ұлттық сот жүйесінің реформалау іргелі стратегиялық өзгерістердің бірі екені даусыз. Қазақстанның құқықтық жүйесі дамудың жаңа кезеңін бастан кешіріп жатыр. Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде елеулі оң өзгерістер орын алып жатқанының куәсі болып жүрміз. Сот жүйесі реформасының басты бағыттарының бірі ретінде соттардың жұмысында замануи алдынғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдануды атап өтуге болады. Осы орайда 15-20 жыл бұрын армандауға да дәтіміз бармайтын жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа енгізілу үстінде.

Сот органдарымен «электрондық сот төрелегін» одан әрі жетілдіру мен қолдану аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні азаматтар мен заңды тұлғаларға өздерінің сотпен қорғау құқығын неғұрлым ашық және тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізіліп, жұмыс жасап тұр. Тың өзгерістер құжаттарды қабылдаудан бастап атқару парақтарын беруге дейінгі сот төрелігін атқарудың барлық сатыларын қамтыған.

Соттар толыққанды электрондық іс жүргізуге көшірілді, оны сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі қатамасыз етеді. Бұл жүйеде соттардағы іс жүргізудің барлық ішкі процестері жоғырланған: істерді автоматты түрде бөлу, электрондық құжаттарды, есептерді қалыптастыру, мұрағаттау және т.б. «Төрелік» жүйесі барлық қолданыстағы электрондық сервистерді бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік берді. Оның ішінде ішкі портал, кадр жүйесі, соттардың интернет-ресурстары, сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік беретін сервистер, «Сот кабинеті». Ол ақпараттық мәліметтердің жедел алмасуға және жоғарғы дәрежедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, автоматтандырылған есепке алу, процессуалдық мерзімдерді қадағалау, статистикалық және талдау есептерін қалыптастыру, жалпы іс жүргізуді, соның ішінде сот ісін жүргізуді жеңілдету бойынша мәселелерді шешеді, құжаттармен жұмыс жасаған кезде қағазбастылықтан арылуға жағдай тузығызады. Себебі жүйе барлық бақылау мерзімдерін талдап отырады.

2017 жылдың маусым айынан бастап «Төрелік» ақпараттық жүйесіне судьялардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған тағы бір тың жаңашылдық енгізілді. Ол – «Жаза тағайындау» сервисі.

Бұл сервис жасаған қылмысқа және сотталған адамның жеке басына сай жаза тағайындауды дұрыс бағдарлауға мүмкіндік беретін, қылмыстық процестік кодекс және қылмыстық кодекс нормаларының негізінде қылмыстық iс бойынша ақпараттың зияткерлік талдау алгоритмдерінің барлық жинағын қамтиды.

«Төрелік» жүйесінде қылмыстық істің электрондық есеп құжатында іске қатысушы ретінде сотталушының жеке мәліметтері көрсетілген есептік кәртішкенің қосымша парақшасында сотталушыны айыптаудың қылмыстық кодексінің бабы, бөлігі, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру формасы, қылмыстық кодекстің 24 бабы қолданылғаны немесе қолданылмағаны (қылмысқа дайындалу немесе оқталу), сотталушының жұмыс жасайтыны немесе жасамайтыны, жынысы, жасы туралы мәліметерді енгізе отырып, сервис процессуальдық және материалдық заңнама нормалары негізінде тағайылғандалуы ықтимал жаза мөлшерінің шектерін есептеп береді. Яғни, ол судьяларға сот шешімдерін дайындау кезінде қолданыстағы заңнамаға барлық сәйкессіздіктерді автоматты түрде көрсетеді.

Әрине, бұл сервисті қолдану – сотталушыға жазаны электрондық түрде ақпараттық жүйе тағайындайды деген сөз емес. Бұл сервистің жаза мөлшерін есептеуі ұсынымдық сипатта беріліп отыр. Дегенмен, бұндай сервиссудьяның жұмысына елеулі қолғабыс болары сөзсіз.

Судья қандай да кәсіпқой, тәжірибелі, білікті маман болмасын – ол ең бірінші кезекте адам, оның шешім қабылдауына жүктеменің, яғни жұмыс ауқымының көптігі, денсаулық және моральдық-психологиялық жағдайы сияқты көптеген факторлар әсер етуі мүмкін екенін мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Ал аталған сервис сотталушыға жаза тайындау бойынша шешім қабылдаған кезде осындай адами факторлар әсерінен болуы ықтимал қателіктерге жол бермеуге зор септігін тигізеді.

Сонымен қатар, «Жаза тағайындау» сервисі жаңадан енгізілген сервис болғандықтан, одан әрі жетілдіруді қажет ететіні де заңдылық. Осы орайда, біздің пікіріміз бойынша сотталушыға жаза мөлшерін есептеу қаралған істің мән-жайларына, сотталушының жеке басына сай болуын толықтығын қамтамасыз ету мақсатында сервис парақшасына жазаның тағайындалуына елеулі әсер ететін кейбір қосымша мәліметтер енгізілу қажет сияқты.

Атап айтқанда, сервистің мәліметтер парақшасына қылмысты бірнеше рет жасауы, қылмыстық қайталануы, қауіпті қайталануы, сотталушының есі дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, жасалған қылмысқа қатысушылық деңгейі (орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші), қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы, үкімдердің жиынтығы, белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тайындау мүмкіндігі туралы сияқты мәліметтер қосымша енгізу қажет деп ойлаймыз. Бұл алгоритмдерді енгізу сотталушыға жаза мөлшерін есептеудің неғұрлым объективті сипатқа ие болуын, істің мән-жайлары мен сотталушының жеке басына сай болуын қамтамасыз етер еді және тағайындалуы мүмкін жаза мөлшерінің аясын нақтылай түсер еді.

Қорыта келе, жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды сот ісін жүргізуге енгізу – бұл дәлдік пен жұмыс жасапасының жақсаруына елеулі оң ықпалын тигізетін айтарлықтай фактор екеніне көз жеткізіп келеміз. Бұл өз кезегінде соттардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың, жалпы қоғамның соттарға деген сенімін арттырып, сот органдарының оң имиджін қалыптастырары сөзсіз. Бұған қоса, жұмыс барысында замануи ақпараттық технологияларды қолдану шешім қабылдау кезінде қандай да болмасын қателіктердің болдырмауға өз септігін тигізеді. Ал сот төрелігін жүзеге асыру сияқты күрделі мемлекеттік аса маңызды істе ұсақ мәселелер болмайтыны хақ.

ХVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың атақты биі – Ескелді би «Ақылды елді оздырады, ақылсыз өзін-өзі тоздырады» депті. Бұл қанатты сөздер қазіргі кезде де өміршеңдігін жоғалтпағандай. Әрбір реформаны ақылдың байыбымен атқарып, елімізді оздырғымыз келсе заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ілгерілей беруіміз қажет.

Әділхан  ШАЙХИСЛАМОВ,

Астана қаласының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы       

        

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button