ЖаңалықтарТағзым

Ұландар байқауы өтті

Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» рес­публикалық мектебінде «Дарын» Мемлекеттік жас­тар сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сый­лығының лауреаты, Чернобыль апатының және ҚР Қарулы Күштерінің ардагері Марат Жүніс-Бектің бастамасымен «Ардагерлерім – ардақтыларым» атты шығармашылық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – Ауған соғысының, тәжік-ауған шека­расындағы қақтығыстың, Семей сынақ полигоны қасіретін және Чернобыль атом электр стансасындағы техногендік жары­лысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу.
«Ардагерлер ұйымы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі тұрақты ко­мис­сиясының төрағасы, қо­ғам қайраткері Оразкүл Асан­ғазықызы, Ауған соғысы мен Чернобыль апаты ардагерлері құрметті қонақ ретінде қатысқан іс-шара барысында Ауған соғысы, Чернобыль апаты жайлы фильм­дер көрсетілді. Ұландар Мұхамед Нұржанат «Ауған ерлерін еске алу» атты өз өлеңін оқыса, Қуаныш Сарқытпаев «Жаса, қазақ!» әнімен, мектеп қызметкері Әлібек Алтынбаев «Офицерлер» әнімен көрерменнің көңілін көтерді. Мектеп ұландары Семей полигонының қасіреті туралы қолөнер туындыларын көрсетті.
Қорытынды сөзінде мектеп басшысы, генерал-лейтенант Құр­бан Қаражанов осындай іс-шаралар болашақ ұрпақтың бойында ­патриотизм сезімін қа­лыптастыратынын айта ке­ліп, байқаудың екінші кезеңі жалғасатынын, оның қоры­тын­­­дысы жыл аяғында шыға­рыла­тынын жеткізді.

Меруерт СМАҒҰЛ,
генерал С.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің

идео­логия және арнайы насихаттау бойынша офицері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button