Sport

Спортпен айналысуға не кедергі?

«Қолжетімді спорт» жобасы аясында 11 спорт түрінен 8 жерде 84 нұсқаушы сабақ өткізеді.

[smartslider3 slider=586]

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, сол сияқты қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен барлық сабақ тегін өтеді. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Сабақтар 6 саябақ пен 2 скверде мынадай спорт түрлері бойынша өткізіледі: жүгіру, карате, скандинавиялық жүріс, асық ату, стритбол, бадминтон, фитнес, зумба. Сабақтар апта сайын сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

[smartslider3 slider=962]

Жоба Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін іске асыру аясында әзірленген. Жобаның салтанатты ашылуы өткен демалыс күндері Астаналық саябақта World Class Green фитнес-орталығының фитнес-нұсқаушылары мен Azimuth спорт клубы спортшыларының көрсетілімдері өтті. Сонымен қатар саябаққа келген демалушылар арасында асық ату ойыны бойынша жаттығулар өткізілді. Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button