Uncategorized

Стадионның жаңа жобасымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай «Аманат» партиясы қалалық филиалының және қалалық құрылыс басқармасының өкілдерімен бірге елордадағы ең көне, бірнеше жылдан бері апаттық жағдайына байланысты жабылған  Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда болып, спорт орталығының жаңа құрылыс жобасымен танысты.

Стадионға бастапқыда реконструкция жүргізіп, тек күрделі жөндеу жұмыс­тары жоспарланған еді. Алайда кейінірек әлемдік стандарттарға сай, УЕФА талаптары бойынша футбол біріншіліктерін де өткізуге болатындай толыққанды 5 мың орындық стадион салу жобаланды. Жоба құны 13,5 млрд теңгені құрайды. Күзде құрылыс жұмыстарын бюджеттен қаржыландыру мәселесі талқылануы керек. Жоба бойынша тек футбол ғана емес, стадион аймағында жыл он екі ай бойы балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі спорт түрлері бойынша спортпен айналысуына мүмкіндік қарастырылған. Есілдің оң жағалауында орналасқан аудан тұрғындары үшін спорт кешендері өте тапшы.

Сенатор білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы екенін айтты. «Ел Президенті бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгілеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде де бұқаралық спортты дамытудың маңызы зор екенін баса айтты. Сондықтан елімізде бұқаралық спортты дамыту басты назарда болады» деді Б.Жексенбай.

Кездесу барысында сенатор Астанада құрылысы жоспарланған басқа да нысандар мен шешілуі тиіс мәселелер бойынша ақпарат алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button