Қоғам

Металлург мұрасы

Ұлттық архивте Металлургтер күні қарсаңында Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның құрметті металлургі Әнуарбек Үсенов­тің «Металлург, ғалым, қайраткер» атты жеке қоры ашылды.

Іс-шарада Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова қор иесінің өмірі мен ғылыми еңбектеріне тоқталып, Ә.Үсеновтың қызы Баян Әнуарбекқызына салтанатты түрде сертификат табыс етті.

Әнуарбек Үсенов 1933 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында дүниеге келген. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында мастердің көмекшісі, цех бастығының орынбасары, Лениногорск мырыш зауытының директоры болды. Қаз КСР түсті металлургия министрінің орынбасары, бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді. Қазақ мемлекеттік бағалы металлдар және алмас ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және технология институтының директоры, 1991-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік «Каз алмас» консорциумы вице-президенті, бас директор қызметтерін, 1993 жылдан ұлттық акционерлік «Алтыналмас» компаниясының бірінші вице-президенті, «Алтын» АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған.

Әнуарбек Үсенов ғылыми еңбектерін Қазақстанның түсті металлургия және алтын шығару салаларына арнады. Оның тікелей басшылығымен Қазақстанда  алғаш рет шикізаттың әр түрінен химиялық таза алтын мен күміс алу технологиясы жасалып, «Целинный кен-химия комбинаты» өндірістік бірлестігімен және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып, «Құмдыкөл» кен орнынан техникалық алмас өндіру бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізді. Әнуарбек Үсеновтің енгізген жаңалықтары ғылымда, өндіріс­те кеңінен қолданылып, қазақ металлургиясына сіңірген еңбегі еленіп, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button