Жаңалықтар

STEM сайысы – инновациялық олимпиада

Елордада алғашқы республикалық STEM олимпиадасының қорытындысы шығарылды.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ ұйым­дастырған олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден аса оқушыны құраған 140 команда қатысты. Барлығы 4 номинациядан 36 жеңімпаз команда анықталды. Олар 3D үлгілеу, инженерлік математика, бағдарламалау және жобалық робототехника бойынша өз жобаларын ұсынған.
Ең көп номинацияларға ие болғандардың арасында астаналық №38 және №73 мектептер бар. Жеңімпаздар 3D принтер, ноутбук, дрон, робототехника жиынтықтары, сауықтыру лагеріне жолдама секілді түрлі жүлделерге ие болды.
Айта кетейік, STEM – техникалық білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді қамтыған инновациялық олимпиада. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D үлгілеу секілді бөлімдерден тұрады. Қазақстанда STEM-зертханалары былтырдан бастап ашыла бастады. Олардың алғашқысы елордадағы №41 мектепке орнатылды. Ал бүгінде елімізде 90-нан астам STEM-зертхана жұмыс істеп тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button