Жаңалықтар

Стратегиялық бастамалар форумы

Кеше Астанада стратегиялық бастамалар форумы өтті. Іс-шара барысында еліміздің даму мәселелері қозғалып, шешім жолдары талқыланды.

Оған мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық Хаб басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов, белгілі экономист Ораз Жандосов, Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Сергей Доминин, «Сеймар» компаниясының негізін қалаушы Марғұлан Сейсем­баев, сол сияқты экономика саласының өзге де сарапшылары қатысты.
Өз сөзінде Алихан Байменов Норвегия еліндегі жемқорлық деңгейінің төмендігін мысалға ала отырып, Қа­зақстанның бұл бағытта ақырындап да­мып келе жатқанын айтты. Сол сияқты еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін тілге тиек етіп өтті.стратегия
Ал Марғұлан Сейсембаев елімізде білімді жастарға жағдай жасал­мауы салдарынан көбі шетел асып ке­тіп жатқанын қозғады. «Ауыр да бол­са айтайын, жастарға көп ақша жұмсалғанмен, шетелге маман да­йындап жүргеніміз жасырын емес» деп көпшілікке ой салды.
Сессияның екінші бөлігі «Сенімді қалпына келтіру үшін қандай реформалар қажет» деген тақырыпта өтіп, көпшіліктің ойы ортаға салынды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button