ЖаңалықтарТаным

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ

erm_3598

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында елорда әкімдігінің қолдауымен азаттықтың ширек ғасыр тойына арналған «Тәуелсіздік тағылымы – 25» атты фотокөрме ашылды.

Көрмеге еліміздің егемендік алғаннан бергі тарихи оқиғаларды назардан қалт жібермеген үздік фотожурналистердің туындылары мен жаз бойы өткен «Менің елім – Қазақстан» байқауында жеңімпаз атанғандардың шығармаларын қосқанда жүзге тарта суреттер қойылды.
Шараның ашылуында ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депутаты, қарымды қаламгер Сауытбек Абдрахманов тәуелсіздік тарихынан сөз тартып, көрмеге қойылған туындылар жайында салмақты сөз қозғады.
Шындығында, еліміз дербестік алғаннан бері қаншама тарихи оқиғалардың куәсі болып келеміз. Оның барлығы хатқа түскенмен, халыққа көп жете бермейді. «Мың естігеннен бір көрген артық» демекші, көрмедегі әрбір суреттен халқымыздың азаттық алған жылдағы «ақ түйенің қарны жарылған» қуанышынан бастап, оны қалыптастырудағы сан қатпарлы жұмыстар мен сезімді селт еткізер сәттерді қалт жібермеген қырағылықты байқадық. Мемлекет басшысының алғашқы фототілшісі болған, марқұм Иосиф Будневич, Мұрат Мәмбетов, Шүкір Шахай, Ермек Сарбасов және бүгінгі жас буын өкілі саналатын Ерлан Омаров секілді талантты азаматтардың туындыларынан Елбасының алғашқы ант беру сәтінен өріп, өнер майталмандары мен қоғам қайраткерлерінің бейнелері көзге жылыұшырап, табиғилығымен тарта біледі. Сонымен бірге, жиырма бес жыл ішінде ауыз толтырып айтар жетістікке жеткен экономика мен өндіріс орындары және қорғаныс саласының табыстары дарынды фотожурналистердің нысанасына ілінген.
Айта кетейік, аталған көрме жыл соңына дейін жалғасады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button