ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігіҚоғам

«Мейірімді қала» акциясының игілігі

kbb_4307

Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кең ауқымда өткізіліп жатқан «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы әлі де жалғасып жатыр. 

Кеше ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйым­дас­тырылып жатқан бұл шараға тек қана отандық өнімдер сатылатын «УниверМАG.kz» сауда орталығы үн қосып кәсіптік-техникалық кол­леджі­нің біраз студентіне қазақстандық өндірушілердің қолынан шыққан киім-ке­шектер жиынтығы табыс етілді.
«Қайырымдылық шарасы аясында Астанадағы кәсіптік-техникалық колледжінде білім алатын 20 студентке киім-кешектер жиынтығы мен кітаптар беріп отырмыз. Бұлардың арасында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ата-анасынан айырылған студенттер, сонымен қатар облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда же­ңімпаз атанып жүрген үлгілі жастар бар. Көмек көрсету туралы бастамамызға еліміздің барлық кәсіпкерлері қолдау білдірді. Сондай-ақ, бұл шара «УниверМАG.kz» сауда орталығының бір жылдығына сәйкес келіп отыр» дейді Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының пре­зиденті Сәуле Шәуенова.
Шараға Астана қаласы әкі­мінің орынбасары Малика Бек­тұрова, елорданың кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­масы және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Жалпы Астана қаласында кәсіпкерлікке ғана емес әлеуметтік мәсе­ле­лерге, аз қамтылған отба­сы­ларға қатты көңіл бөлініп келеді. Оған осы «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы куә болса керек.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button