Жаңалықтар

Тәжірибелерімен бөлісті

«Жастардың тұрақты және әлеуметтік даму қоры» қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының тапсырысымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында диалог алаңын өткізді.Бұл басқосуда көпбалалы аналарға қатысты сөз қозғалып, қоғамдық ұйым­дар арқылы әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға жәрдем көрсету жайы тал­­қыланды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының де­путаты Қарақат Абден жиналған қауым алдында Президент Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тақырыбын қозғап, депутаттар әрдайым диалогқа дайын екенін жеткізді. «Шеберлер Альянсы» бастамашыл тобының төрағасы, «Береке – Астана» қоғамдық ұйым­ның директоры Рауза Балмағамбетова Мемлекет басшысы Қ.­Тоқаевтың биылғы Жолдауында айқындалған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған шаралар туралы баян­дап беріп, өз тарапынан қол-шеберлер орталығында тегін шебер-кластар өткізілетінін және орта және кіші кәсіпкерлерге көмек ретіндегі «Бастау» бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы ойымен бөлісті. Ал «Nasledie» қоғамдық бірлестігінің директоры Маржан Абдуллина көпбалалы ана ретінде мемлекеттен қандай көмек берілетінін және оны қалай алуға болатынын өз тәжірибесімен байланыс­тырып айтып берді.
Диалог алаңында сондай-ақ қала әкім­дігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жапал Долиев, Ақпараттық түсіндіру, оңалту және бейімдеу бө­лі­мінің басшысы Гүлмира Серікбаева және «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ жобалар менеджері Аида Исханова да әлеуметтік жағынан қамқорлыққа мұқтаж азаматтарға қажетті ақпараттармен бөлісті.

Сәуле БЕЙСЕНБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button