Денсаулық

Тегін дәрі кімге тиесілі?

Қазақстанда 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алу басталды. Алдағы уақытта дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұрған, сонымен қатар стационарларда тегін ем қабылдайтын пациенттер үшін сатып алынады.

Сатып алынатын тізімге 1144 пре­парат кіреді, олардың 829-ы – дәрілік заттар және 315-і – медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Тегін дәрі-дәрмектерді жіберуге арналған рецептіні учаскелік немесе мамандандырылған дәрігер нұсқау бойынша береді. Арнайы форманы толтыру үшін пациенттің жеке құжаты керек. Дәрі-дәрмектер мемлекет есебінен нақты рецепт бойынша белгілі дәріханада беріледі. Дәріхананың мекенжа­йын азамат өзі тіркелген емханадан ала алады. Барлық дәрі-дәрмек тегін берілмейтінін атап өту керек. Егер де науқасқа қажет дәрі-дәрмек тізімде болмаса, оны ол ақылы түрде алуға тиіс.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерді алу барысында сізден препаратты ақылы түрде алуды талап етсе немесе дәріні беруден бас тартса, өзіңіз тіркелген емхананың басшылығына, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жергілікті уәкілетті мемле­кеттік органдарға немесе Денсаулық сақтау министрлігінің Фар­­мация комитетінің департаментіне өтініш бере аласыз.
Бүгінгі күнде осы жүйенің қаржы операторы болып саналатын Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қоры елорданың 79 медициналық мекемесімен келісімшарт бекітті. Олардың 36-сы – мемлекеттік және 43-і – жеке меншіктегі мекеме.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button