Жаңалықтар

Телеарналар цифрлық эфирге көшеді

[smartslider3 slider=910]

Бүгінде еліміздің Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары сияқты өңірлерде ескірген телехабарлар толығымен өшірілді. Жобаны іске асырудың төртінші кезеңі аясында 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін Нұр-Сұлтанда аналогтық теледидарды толығымен өшіру жоспарлануда. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша елорда тұрғындары мен қонақтарына цифрлық сапада 25 телеарна қолжетімді, оның ішінде: Qazaqstan, Хабар HD, Хабар 24, BALAPAN, Ел Арна, Kazakh TV, ABAI TV, Еуразия бірінші арнасы, Астана, Qazsport HD, МИР, КТК, НТК, Жетінші арна, 31 арна, СТВ, Almaty, Talim TV, Atameken Business, Тұран ТВ, Hit TV, Gakku Media, MuzLife, Той думан және Новое телевидение. Цифрлық эфирге қосылу үшін теледидар DVB-T2 сандық тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек, абонент тек дециметр­лік антеннаны қосуы керек. Егер теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдамаса, онда сандық сигнал қабылдағышын сатып алу қажет болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button