Жаңалықтар

Теміржол вокзалы жөнделеді

Елордада ескі теміржол вокзалының шатырын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ескі вокзалда орналасқан шатырды қайта жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. «Осы мақсатта вокзал маңында күнделікті сағат 23.00-ден таңғы 5-ке дейін техникалық үзіліс жариялаған. Егер сол уақытта пойыздар келіп-кетсе, оларды екінші және үшінші жолдармен өткізеді.
Шатырды ауыстырудың өзіндік себебі бар. Перрондағы шатырлар он жылдан астам уақыт бойы тұр екен. Бір жағынан, шатыр қаламыздың қақпасына айналған вокзалдың сұрқын қашырып тұрса, екіншіден, заманауи талаптарға сай болмай шықты. Барлық жұмыстар желтоқсанның ортасына дейін аяқталады деп күтілуде.
Айта кетейік, биыл қаңтардың 25-і күні қардың қалың
түсуі мен қатты желдің әсерінен ескі теміржол вокзалындағы шатыр құлап түсті. Вокзал маңындағы 40 шаршы метр болатын шатыр бірінші жолда тұрған №376 «Астана-Лениногор» пойызының вагонын басып қалды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button