Жаңалықтар

Тіл – достықтың көпірі

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты байқау өтті.Шараға қоғам қайраткерлері, елордалық этномәдени бірлестіктердің және ҚХА жастарының өкілдері қатысты. «Мемлекеттік тілді меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Бұл байқау елордалық ҚХА жастарының қаншалықты белсенді әрі қазақ тіліне деген құрметінің жоғары екендігін көрсетеді» деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Амангелді Сыздықов.
Байқауға қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынады. Бі­рінші кезеңде этноқатысу­шылар «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ауызша таныс­тырылым жасады. Екінші кезеңде байқау қатысушылары топтық жұмыспен, «Тіл – достықтың ал­тын көпірі» атты театрландырылған қо­йы­лымды көрермендер назарына ұсынса, шешуші кезеңде қазақ әде­биеті классиктері­нің және қазіргі заман әдебиеті ақындары мен жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Тартысты бәйгеде қазылар алқасының шешімі бо­йынша 1-орынды Нұр-Сұлтан қаласы ұйғыр этномәдени орталығы, 2-орынды «Polacy» қоғамдық бірлестігі алса, «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы 3-орынды иеленді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button