Елорда тынысы

Тұрғын үйлер газға қосылды

Астанада бірқатар тұрғын үй кешені табиғи газға ­ауысты. Тұрғын үй кешендеріне газдың берілуі тарифті бірнеше есе арзандатады.

Энергетика министрі А.Сәтқалиев Астана қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Будапешт», «Cosmic City», «Куршевель», «Family Town» ТК тұрғындары автономды газ қазандығын қымбат сұйытылған газдан жылыту газына ауыстыру мәселесін көтерді.

Министр уәкілетті органдар мен ұйымдарға газдандыру мәселелерін жедел шешу туралы бірқатар тапсыр­ма берді.

«Бүгінде «Будапешт» және «Cosmic City» ТК автономды газ қазандығы жылыту газына ауыстырылды, «Family Town» қазандығы бойынша қазандықтардың оттық түтікшелерін газға айналдыруды қайта реттеу жұмысы жүргізілуде» делінген министрлік ақпаратында.

Табиғи газға ауыстыру аталған тұрғын үй кешендеріне газдың үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді және тұрғындар үшін тарифті бірнеше есе арзандатады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button