Жаңалықтар

Түріңді танып, билет береді

Face Pay атты жаңа жүйе адамның бет-әлпетін тану арқылы сан алуан функцияны орындай алады. «IPay» ЖШС құрылтайшысы Алмас Айменов оны таныстыра келе:
– Біз Telegram-да бот құрдық, сіздер ол жерге өз ЖСН-деріңізді тіркеп, селфи жасап, өзіңіздің автобуста қолданатын картаңызды енгізіп, жүйе­ге кіре аласыз. Одан әрі қарай өзіңіздің мәліметтеріңізді қолдануға рұқсат бересіз. Осыдан соң телефоныңыз немесе төлем картаңыз өзіңізбен бірге болмаса да, автобусқа мінгеніңізде, сіздің бет-әлпетіңізді тану арқылы автомат билет береді, – деді.
Оның айтуынша, Face Pay жүйесі адамды 95%-ға де­йінгі дәлдікпен тани алады. Егер дәлдік деңгейі 80%-дан төмен болса, онда әлгі адамнан камераға қайта қарауын сұрайды.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы ішінде қатынайтын екі автобуста осы жүйе бойынша техникалық тестілеу жүйесі басталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button