Мәдениет

Үндістер үздік шықты

Астанада Халықаралық бокс қауымдастығы және Азия бокс федерациясы аясында жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы чемпиондары анықталды.

ҚР Туризм және спорт минис­трлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен өтіп жатқан құрлық біріншілігінің 15-16 жастағы жасөспірімдер санатында қыздар 13 және ұлдар 13 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық атаққа таласты. 23 елдің боксшылары сынға түскен жарыста командалық есепте Үндістан боксшылары үздік (10 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль) шықты. Қазақстан жасөспірімдері 6 алтын, 8 күміс, және 7 қола медаль иеленді. Өзбекстан боксшылары 4 алтын, 7 күміс, 11 қола жүлдеге қол созды. Жалпы, жүлдегерлер қатарында 12 елдің боксшылары болды.

Азия чемпиондарын ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Қазақстан бокс
федерациясының президенті
Кеңес Рақышев, Халықаралық
және Азия  бокс  федерацияларының өкілдері құттықтап, жүлделерін табыс етті.

Азия біріншілігінің ең үздік боксшысы номинациясы бойынша қыздардан қазақстандық Аяжан Сыдық (54 келі), ұлдардан Фужики Юга (Жапония) танылды.

Қазақстан командасынан қыз­дар арасында Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Алина Кұдайгенова (63 келі) жеңімпаз атанса, ұлдар бәсекесінде Алдияр Баһадүр (48 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі) және Бексұлтан Қайратұлы (+80 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Азия чемпиондарына 1000$, күміс жүлдегерге 500$, қола жүлдегерлерге 250$ ақшалай сыйақы берілді.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button