Қала тіршілігі

Үйлер жөнделді, лифттер жаңартылды

Нұр-Сұлтан қаласында биыл ТКШ бағдарламасы бойынша 50-ден аса көппәтерлі тұрғын үй кешені жаңартылып, 100-ге жуық лифт жөндеу көрді. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Елордадағы қауіпті тұрғын үй кешендеріне жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Құлап жатқан плиталар, жанғыш төсемдер, апатты жағдайдағы жеделсатылары бар үйлерді жаңғыртамыз. Мысалы, «Территория комфорта – 2» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбеті толық ауыстырылды, керамогранит плиталар алынып қалды, жылытқыштар, қабатаралық, өрт жағдайына арналған есіктер қойылды.

Аталмыш тұрғын үй бұған дейін пайдалануға берілмеген, себебі мекенжайы белгісіз еді. Ал енді бұл мәселе оң шешімін тапты. Бүкіл құжаттаманы дайындап, тұрғын үйді пайдалануға бердік. Енді үйдің өз ресми мекенжайы бар. Мамандар пәтер иелеріне техникалық паспорт беру үшін пәтер аумағын өлшеумен айналысуда» деді қала әкімі.
Кездесу барысында тұрғындар балаларын көшеге шығарудан қалып, плиталар құлап кетеді деген үрейден үйдің жан-жағын, төбесін үнемі қарайлап жүретінін атап өтті.
«Плиталар жел тұрса құлайтын. Олар тез жанады, сондықтан өрт шығу қаупі де жоғары. Тұрғын үй кешенінің өзі бірнеше жыл бұрын қауіпті деп танылған. Енді үй жаңартылды, қауіп сейілді. Жақында өз пәтерімізге техникалық паспорт аламыз. Көрсетілген көмек үшін Президентке, мемлекетке алғысымызды білдіреміз» дейді тұрғындар.
Сонымен қатар қалада апатты жағдайдағы үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 200-ге жуық отбасы жаңа тұрғын үйге көшірілсе, биыл тағы 200-ден аса отбасын көшіру жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button