Елорда тынысы

Үлескерлер үйіне инвесторлар тартылды

Елордада үлескерлік құрылыстың проблемасы әлі де өзекті саналады. Жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған «Садовые варталы», «Комсомольский» және «Аниса» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті. Бұл үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шамамен 1,5 мың үлескер отбасы бар.

[smartslider3 slider=2436]

«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Бірақ 2014 жылы іргетасының қадалары тұрғызылған күйінде ғана қалды. Бүгінге дейін осы нысанның үлескерлерімен тек қазаншұңқырдың маңында кездескенбіз. Одан бері ауқымды жұмыс жүргізілді: техникалық тексеру өткізіліп, құрылысы жанданды, ал ең маңыздысы – инвесторлар жұмылдырылды.

«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Нысанның құрылысы жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр.

«Комсомольский» тұрғын үй кешені 7 жыл бұрын ­проблемалы нысанға айналды. Мұнда пәтерлерді 600-ден аса үлескер отбасы алған. Қазіргі уақытта нысанда витраждарды монтаждау, терезелер орнату, лифт жабдықтарын монтаждау, инженерлік желілерді орнату және т. б. жұмыстар жүріп жатыр.

«Аниса» тұрғын үй кешені – сегіз жылдық тарихы бар нысан. Бұл нысанға да инвесторлар тарттық. Олар өз қаражаты есебінен нысанның құрылысын аяқтайды. Мәселен, 1 және 2-блоктарда қабырғаларын қалау жұмыстары, 5 және 6-блоктарда монолитті жұмыстар жүріп жатыр» деп мәлім етті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Үлестік құрылыстарды аяқтау мәселесін Мемлекет басшысы тікелей назарында ұстап отыр. 2019 жылдың жазында проблемалы 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені болса, қазір оның 90-ы аяқталды. Қалған нысандар бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button