Жаңалықтар

Наурыз көже таратылады

Елордада Наурыз мерекесіне орай 100-ден астам іс-шара өтеді. Қала тұрғындары концерттерге, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға, серуенге және  басқа да  мерекелік бағдарламаларға қатыса алады.

[smartslider3 slider=2437]

22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін барлық ауданда, соның ішінде елорданың елді мекендерінде «Наурыз Думан 2022» мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйым­дастырылады. Бұл күні мерекенің басты белгісі – Наурыз көже ұлттық тағамы да жұртшылыққа таратылады.

Алматы ауданында мерекелік іс-шаралар «Қазақ елі» монументі алаңында, «Студенттер» саябағында, Байқоңыр ауданында – «Ататүрік» саябағында, Жазушылар аллеясында, Есіл ауданында – ЭКСПО аумағында және Үркер елді мекенінде, Сарыарқа ауданында – «Көктал» саябағында және Demalys Promenade алаңында өтеді.

Наурыз мейрамына орай қайырымдылық іс-шаралар да ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 18-19 наурызда қалада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарт адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына азық-түлік себеттері таратылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button