Жаңалықтар

«ҰМЫТЫЛМАС ӘНДЕР» КОНЦЕРТІН КӨРІҢІЗДЕР!

25 қазан күні сағат 19.00-де Конгрессолда Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен «Ұмытылмас әндер» концерті өтеді.

2510

Кеште өткен ғасырдың орташа шенінен бастап қазақ музыкасы көгінде жұлдыздай жарқ еткен Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов және Әбілахат Еспаев сынды композиторлардың әндерін елордалық филармонияның және Қазақстан эстрадасының белгілі әншілері Бағдат Сәмединова, Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаева,  Нұрғали Тұрлыбеков,  Бибігүл Жанұзақ, Нұрбол Балапанов, Гүлзира Бөкейхан, Бауыржан Нұрымбетов, Айнұр Байнулдинова,  Дихан Ильяшев, Гүлмира Жұмабекова, Диана Май  және тағы басқалары орындайды. Көрермен өздерінің сүйікті әндерімен қауышады.

Билет бағасы 2000 тг.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button