Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада 130-дан астам автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

Астана автобус паркінің 134 жүргізушісіне ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі. Астанада 13-15 қазан аралығы кезеңінде «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

avtobusy_e1403584669932

«Үш күнде полицейлер жол қозғалысы қағидасын бұзған 720 жағдайды анықтады. Автобус паркінің 8 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10 автобусты пайдалануға тыйым салды. 134 жүргізушіге рульде отырып мобильді телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салынды. Маневр жасау қағидасын бұзған 87 жағдай, жүргіншілерге артықшылық бермеген 13 факті тіркелді. Бұдан басқа, шара барысында рейс алды техникалық тексеруден өтпеген автобустарды пайдаланған, жүргізушіге пайдалануға жол берген  23 факті анықталды» делінген хабарламада.

Астана аумағында қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдаумен  9 кәсіпорын айналысады, күн сайын 750-ден астам автобус пайдаланылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button