Әлеумет

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨБЕЙДІ

1 шілдеден бастап еліміздегі 2,1 млн зейнеткердің жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша берілетін зейнетақы мөлшері 11 пайыз­ға артады.

c99f24d28501a06dff6aeb41ca6d378c-big
Нақты айтқанда, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 14466 теңгені құрайды. Сол сияқты ана мен баланы қолдау мақсатында бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 20 пайыз­ға артады. Яғни, бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе ­86222 теңге; төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 142947 теңге болады.
Қазіргі уақытта Астана қаласының «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерін қайта есептеу бойынша барлық тиісті жұмыстарды жүргізді.

– «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауында атап өткен тапсырманы орындау зейнетақы төлемдерінің мөлшері 11 пайызға артады. Қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылды, сондықтан зейнетақы алушылардың біздің мекемеге осы мәселе бо­йынша қосымша жүгінуі қажет емес, – дейді Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің директоры Гаухар Мұханбетжанова.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button