Жаңалықтар

Жайдарлы жас сарбаз

Нұр-Сұлтан қаласында арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері арасында «Жайдарлы жас сарбаз» жайдарман ойындары өтті.

Жастар жылы аясында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай жасөспірімдерді өнерге бау­лу, өнерлі жас сарбаздардың артықшылықтарын көрнекілендіру мақсатында өткізілген бұл шараны «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.
Филиал басшысы Асхат Бағ­датұлының айтуынша, сайысқа қатысуға 30-дан аса команда өтініш білдірген. Іріктеуден ке­йін ең үздік 10 команда ақтық жарысқа жолдама алыпты. Жарыс өте тартымды, қызықты өтті. Ойын соңында жеңімпаз командалар анықталды. Бас жүлде №42 мектеп оқушыларынан жасақталған «Сүйкімділер» ко­мандасына берілді.
«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, қалалық «Жайдарман ойындары» ұйымының жетекшілері, елімізге
танымал әзіл-оспақшылар шараға қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button