Жаңалықтар

Жаңа алаңның жайы

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев сенбі күні «Астана-Арена» стадионында болып, онда голландиялық технология бойынша төселген жаңа алаңның сапасын көрді. Алаң жабындысы Еуропа стандартының ең соңғы үлгісімен жасалған.

isekeshev

Белгілі болғанындай, футбол алаңына сондай-ақ, арнайы резеңке түйірлегіш пен кварц құмы төгілген. Мұның өзі ойын кезінде футболшыларды жөнсіз жарақат алып қалудан сақтап қалады. «Астана-Аренадағы» жұмыстар барынша қысқа уақыттың ішінде атқарылып шықты. Оның барысында тиісті технологиялық талаптар түгел сақталған. Алаңдағы алғашқы ресми кездесу 2 мамыр күні ойналды. Ал таяудағы матч 28 мамыр өтеді. Сол күні «Астана» командасы Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.
Қала әкімі спорт аренасында команданың жаттықтырушылар құрамымен кездесіп, олармен алдағы ойындарға дайындық барысы туралы әңгімелесті. Соңында Ә.Исекешев «Астана» футболшыларымен бірге екі жақты ойынға қатысты. Іссапар барысында қала басшысы футболшыларға шілде айында Чемпиондар лигасында басталатын кезекті раундта табысты өнер көрсетуге тілектес­тік білдірді. Ал жаңа алаңның сапасын жоғары бағалаған клуб ойыншылары алдағы кездесулерге жан-жақты дайындалып жатыр.

«Астана-ақпарат»

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button