Құқық

Жаңартылған фронт-офис

«Сот төрелігінің жеті түйініне» кіретін «Үлгілі сот» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сарыарқа аудандық соты сот төрелігі үдерісін жетілдірудің қанатқақты жобасын қолға алды.

Тиісті жаңғырту шеңберінде сот жұмыстың кедергісіз ұстанымына көшті.

Мәселен, фронт-офис – халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын ескере отырып, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған  аумағы 138 шаршы метр кең зал. Бұл жерде медиаторларға, адвокаттарға және тараптардың іс материалдарымен танысуына арналған жеке-жеке 3 кабинет бар. Офис «кедергісіз ұстаныммен» ақшыл, жылы түстермен хай-тек стилінде безендірілген, ашық кеңістігі көп. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз етуге бағытталған.

«Электронды кезек» жобасы шеңберінде құжаттарды қабылдау және берудің автоматтандырылған бюросы, сондай-ақ сканері бар өзіне өзі қызмет көрсету терминалы жұмыс істейді. Азаматтық істер бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесімен біріктірілген тараптарды шақыру функциясы тестілік режимде іске қосылды. Осындай тәсілдер арқылы сот отырысы залында отырған хатшы тараптардың келгенін белгілейді және оларды процеске шақыруды күту залында орналасқан мониторға бағыттайды.

Кіріс кеңсесі  аймағында сотқа келуші сотқа қажетті құжаттарын бере алады және номері бар талон алады, кейін сол талон арқылы «Сот кабинеті» сервисінен арызы бойынша барлық қозғалысты қадағалап отыруға болады.

Фронт-офисте Астана қалалық соты мен адвокаттар алқасы арасында жасалған меморандум шеңберінде тұрақты түрде адвокат жұмыс істейді.

Тағы бір ерекше жаңалық – іс материалдарымен танысуға болатын ақпараттық кабинет болып табылады.

Күту залындағы Wi-Fi, сондай-ақ, мобильді құрылғыны қуаттау мүмкіндігі және желдету жүйесі бар зона да көңіл аударуға тұрады.

Фронт-офистің міндеті сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады.

 

 

 Ботагөз БАЯНОВА,
Астана қалалық соты
  баспасөз қызметінің жетекшісі

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button