Жаңалықтар

Жақсылық жасауға асығуда

Елордада «Махаббат сыйлағым келеді» атты әлеуметтік шара өтті. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «Instagram» әлеуметтік желісінде әртүрлі ұйымдардың еріктілері мұқтаж адамдарға көмек көрсететін shag_vmeste_astana (бір қадам бірге Астана) қауымдастығын құрды.

 

«Біз азық-түлік пен киім-кешек сатып аламыз, оны көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жа­­ғынан аз қамтылған отба­сыларға, жалғызбасты зей­неткерлерге таратамыз. Барлық фото және бейне есептерді біздің парақшадан табуға болады. Біздің ұйымда тұрақты негізде 9 ерікті жұмыс істейді. Аккаунттың тұрақты жазылушылары үлкен көмек көрсетеді. Бір апта ішінде 10 отбасыға көмектестік. Көмекті ұйымдастыру қиын емес, ең бастысы, жақ­сылық жасауға ниет» дейді топ еріктісі Ғалия.
Еріктілердің қайырымды істері арасында ДЦП диагнозы бар балаларға көмек көрсететіндерді де кездестіруге болады. Барлық тілек білдірушілер көмек көрсете алады. Instagram-дағы dobraya_pokupka парақшасында барлық тілек білдірушілер ДЦП диагнозы бар балалардың аналарының қолымен жасалған заттарды сатып ала алады. Ал сатылымнан түскен ақша балаларды
емдеуге жұмсалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button