Жаңалықтар

Қайырым қылсаң анаға…

Нәзік жандардың мерейлі мерекесінің қарсаңында San Belle сән үйінің негізін қалаушы Белла Сәт-Мырза көмекке мұқтаж әйелдерге қуаныш сыйлауды ұйғарды.

Ол қиын жағдайға тап болған әйелдерге, соның ішінде көпбалалы аналарға, жалғызбасты аналарға, ауыр дертке шалдыққан әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға өз сән үйі­нің топтамасынан 50 көйлекті сыйға тартпақшы.
«Бұл шараның мақсаты – күн сайын жәрдемақымен күнелтетін, көп баласымен кішкентай бөлмелерді жалдап тұратын, балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған және өз өмірін ұзарту үшін тапқан қаражатын дәрі-­дәрмекке жұмсайтын әйелдерді қолдау. 8 наурыз мерекесі қарсаңында осындай жандарға ерекше қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағым келеді» деп жазыпты Б.Сәт-Мырза әлеуметтік желідегі парақшасында. Қайырымдылық акциясы туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап 100-ге жуық өтініш түскен. Алайда дизайнер үміткерлерді мұқият таңдайтынын айтады. Ол өзінің жазбасында лайықты деген әйелдерді бір жерге жинап, құттықтап, гүл шоқтарын табыс еткісі келетінін де айтыпты. «Маған ешқандай жарнаманың керегі жоқ. Тек бастамамды дәмхана, гүл дүкендерінің иелері, визажистер және өзгелер қолдаса екен деймін» дейді Белла Сәт-Мырза.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button