Sport

«Жас Бүркіт» қанатын қомдайды

Нұр-Сұлтан қаласындағы №25 орта мектепте Қорғаныс министрлігінің ұйымдас­тыруымен «Айбын» әскери-патриоттық жиындардың бес жылдығына орай әскери-қолданбалы және интеллектуалды спорт түрлерінен көрсетілім өтті.

Атап айтқанда, 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысында өтетін республикалық сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайтын №25 мектептің «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубы өз дайындықтарын көрсетті. Жасөспірімдер автоматты дәлдеп ату, автоматты шашып-жинау, әскери киімді уақытқа кию, турникке тартылу және басқа да шеберліктерін ортаға салды.
«Сәуір айында болған іріктеу кезеңінен өткен 10 ұл және 5 қызымыз әскери клубта үйренген жаттығуларын көрсетті. Бұлар – 12 мен 17 жас аралығындағы оқушыларымыз. Енді олар Нұр-Сұлтан қаласының атынан үлкен жарысқа түседі. Жеңіске жетіп қана қоймай, қызықты эмоциялар мен жаңа достар табады деп ойлаймын» дейді Қорғаныс министрлігінің идеологиялық жұмыстар бойынша басқармасы басшысының орынбасары, капитан Ерболат Жүсіпов.

Арайлым Әмірбекқызы,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button