Жаңалықтар

Мектеп кеші көңілді болса…

Елордалық 400 полиция қызметкері Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беру мектептерінде 12-21 маусым аралығында өтетін салтанатты кештерде тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалайды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Әр білім беру ұйымына департаменттің полиция қызметкерлері бекітілген. «Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, мектепті бітіру кештерінде тікелей іс-шаралар өтетін орындардың жанында патрульдік полиция нарядтары кезекшілік етеді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті 400 полиция мен 40 автопатруль жүзеге асыратын болады» делінген ведомствоның хабарламасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button