Жаңалықтар

Жастар жылындағы «Жас қанат»

Кеше елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың ХХVIІІ республикалық байқауы шымылдығын түрді. 2 маусымға дейін жалғасатын байқауға еліміздің 10 қаласынан 14 әнші қатысып жатыр. Қатысушылардың ең жасы 15 жаста болса, ең үлкені – 29-да.

Биылғы байқау Жастар жылына дөп түсті. Осы жағдай мән-маңызын арттырып отыр. Сондай-ақ «Мистер Жас қанат» аталымы осы жолғы сайыстың жаңалығы болғалы тұр. Бірнеше күн бұрын елордаға табан тіреген қатысушылар қалыптасқан дәстүр бойынша Президент саябағындағы «Жас қанат» аллеясына ағаш екті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button