Құқық

Жемқорлыққа қарсы жоба

2018-2020 жылдар аралығында жемқорлық деңгейін төмендету – «Астана – адалдық алаңының» басты стратегиясы. Сондықтан сы­­байлас жемқорлық жасауға се­­беп болатын жағдайларды шешу мақсатында негізгі 7 бағыт анық­­талды. Жеті жобалық топ және сарапшы кеңес пен жоба­лық кеңсе елор­дамыздың адал алаңын құруға насихаттап келеді.

Әкімшілік кедергілер, басшылардың жеке жауапкершіліктерінің болмауы, қоғамдық бақылаудың жеткіліксіздігі жемқорлыққа әкеледі. Жоба ең алдымен осы мәселелерді шешуге күш салды. Мәселен, мемлекеттік қызметті тез әрі сапалы ету мақсатында базаны біріктіру арқылы қызмет алушыларға қажетті құжаттарды жинау үшін қолайлы әрі тиімді қызмет көрсете бастады. Елордамыздың 80 мыңнан астам зейнеткері мен 22 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат мемлекеттік қызметті тез әрі сапалы түрде алуға мүмкіндік алды. «Қолжетімді ХҚО» акциясы кезінде қаланың 54 ұйымының қызметкерлеріне 6 мыңнан астам ЭЦҚ берілді.
Екіншіден, жалған медициналық анық­тамаларға жол бермеу үшін бір терезе қағи­даты бойынша ХҚО арқылы медициналық анықтамалар, уақытша еңбекке жарамсыздық және санитарлық кітапшаларды беру туралы ұсыныстар енгізілді. Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті орындаған тергеу әрекеттерінің нәти­же­сінде 086 нысанды анықтамадан 200 бланкі, 190 санитарлық кітапша, 80-нен астам мөр анықталып, жалған медициналық құжаттар жасайтын қылмыстық топ әшкереленді.
Үшіншіден, Жоба кеңсесі №10 қалалық емхана жұмысын оңтайландыру аясында емделушілерге арнайы бағыт-бағдар беретін жүйені іске қосты. Заманауи цифрлық дүңгіршектермен жабдықталған емхана жұмысы онлайн-режімге көшті.
Төртіншіден, мекеме басшыларының «Жеке жауапкершілік» құжаты әзірленді.
Әрине, кез келген мемлекет шетелдік тәжірибені назарға алған жөн. Мәселен, Эстонияда ақпараттық технологиялық коммуникациялардың дамуы 15 жасқа толған әрбір эстониялық азаматтың ID карточкасын иелене алуына мүмкіндік береді. Сол бойынша мемлекеттік қызметті кедергісіз алуына барынша жағдай жасалған. Ал Канада тәжірибесінде көрсетілетін қызметтер сапасын өлшеудің жалпы тетігі сапаның қанағаттанарлық дәрежесі мен негізгі критерийлерін анықтау мақсатында жүргізіледі. СМТ 5 балдық шкала бойынша сапаны бағалаудың параметрлерін қамтамасыз ете отырып, жазбаша сұрауды, ғаламтор және телефон арқылы үш болжамды қолданады.

Гүлмарал СМАТ,
М.Нәрікбаев атындағы
Қазақ гуманитарлық
заң университетінің

4-курс студенті

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button