Әлеумет

Жобаның маңызын түсіндірді

«Elorda Aqparat» медиасеріктестігі 25 қазан – Республика күні қарсаңында, Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, «Мектеп және медиасауаттылық» атты жобасын жалғастыруда. Бұл туралы Астана қаласының коммуникация­лар қызметінде өткен брифингте медиахолдинг директоры Олжас Сыдықбек мәлім етті.

«Мұндай жобаның негізгі мақсаты – жергілікті БАҚ-тың Астана қаласындағы білім беру ұйымдарымен әріптестік байланысын арттыру, медиасауаттылық бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу, қаламгерлер қауымын оқырмандармен қауыштыру, «Мектептегі журналис­тика» бағдарламасының әлеуметтік-педагогикалық бағыт-бағдарын айқындауға атсалысу, жоғары сынып оқушыларын бе­йіндік оқытуға үлес қосып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ұстаздар мен оқушылар арасынан авторлар тарту, журналист болуға ниетті жасөспірімдерді қолдап, шығармашылық қабілетін шыңдау» деді Олжас ­Сыдықбек.

«Мектеп және медиа­сауаттылық» іс-шарасы осы уақытқа дейін қаланың 6 мектебінде өтті. Олардың қатарында Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы, Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі және Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы бар. Бұл кездесулерге шығармашылыққа бейімі бар 500-дей оқушы қатыс­ты. Шәкірттер бұл жобаға жоғары қызығушылық танытуда. Әсіресе болашақта журналист болуды армандайтын талапты оқушылар медиасеріктестікке қарасты редакциялар базасында шығармашылығын шыңдап, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып отыр» деп сөзін жалғады О.Сыдықбек.

Алдағы уақытта кездесулер Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі, Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі, Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы, Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясы, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, Ғабит Мүсірепов атындағы №38 мектеп-лицейінде жалғасады.

Сәбина КӘКІМЖАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button